Қазақстанда 2023 жылы ең төменгі жалақы қандай болады. 3 жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы жарияланды деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сонымен елде:
▪️ жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге ($130)
▪️ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 21 907 теңге
▪️ ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге
▪️ айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 450 теңге
▪ ең төмен күнкөріс деңгейі - 40 567 теңге
Бұдан басқа, жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін 10,5%-ға арттыру жоспарланып отыр.
ӘМСҚ-ға төленуге жататын ММС-ға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8%.
Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының мөлшері 3 739 теңге.
Заң жобасы 2022 жылғы 8 қыркүйекке дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.