Елде 15 ЖОО мен 40-қа жуық колледж жабылды

19 Сәуір 2022, 13:33
1527
Бөлісу:
Елде 15 ЖОО мен 40-қа жуық колледж жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, сапаны қамтамасыз ету үшін бақылау екі бағытта жүргізіледі. 

Біріншіден, сапасыз жоғары оқу орындарын немесе колледждерді жабу және оларды лицензиядан айыру. Екіншіден, жоғары оқу орнын немесе колледжді бейіндеу, бейініне сәйкес келмейтін және сұранысқа ие емес лицензияға қосымшаларды қайтару арқылы. Қазіргі кезде толығымен 15 жоғары оқу орны және 31 колледж жабылды. Тағы 4 жоғары оқу орны және 29 колледж жабылу сатысында, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр қайтарылған лицензияларға тоқталды. 

61 жоғары оқу орнының 500 бағыттары бойынша лицензиялары және 375 колледждің 2200 бағыттының лицензиялары қайтарып алынды. Тағы 15 жоғары оқу орны мен 47 колледждің бейініне сәйкес келмейтін лицензиялары қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Педагогтерді даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін азайса, заңгерлер – 72-ден 61-ге дейін азайды, - деді Асхат Аймағамбетов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бас ұстазы 2 жылда маман даярлап шығатын пилоттық жоба іске қосылатыны туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы