Чехиялық шыны шебері Елбасыға ерекше сый тартты

30 Қыркүйек 2019, 09:37
3610
Бөлісу:
Чехиялық шыны шебері Елбасыға ерекше сый тартты
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Чехиялық шыны шебері Иржи Пачинек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы сый әкелген.

Елордадағы Ұлттық музейде чехиялық Иржи Пачинектің «Шыны бақ» көрмесі ашылды.

«Чехия өзінің әшекей бұйымдары, ыдыстары, аспа шамдары және тағы басқа ерекше өнерімен әлемге танымал. «Шыны бақ» көрмесін ұйымдастыру мен үшін маңызды. Қазақстанға елші болып келгеніме көп уақыт болған жоқ. Әйтсе де, Қазақстанға келгенде бірден Иржи Пачинектің көрмесін өткізу керек деген ой келді. Міне, бүгін чехиялық шыны өнерімінің шебері өз көрмесін Ұлттық музейде ашып отыр», - деді Чехияның Қазақстандағы елшісі Рудольф Гикл көрменің ашылу салтанатында.

IMG_1045.jpg

Көрмеге қойылған флора мен фауна дүниесінің 30 экспонатын 20 қазанға дейін тамашалауға болады.

Иржи Пачинектің өзі мүсіндерді қалай жасайтынын айтып берді.

«Таңғы 5-те тұрамын да жұмысқа кетемін. Менің ескі пешім бар. Осы пешке түнде құмды салып, таңертеңге дайындаймыз. Ол жерде температура 1400 градус Цельсий. Бал сияқты болады. Сосын ұзындығы 50 метр болатын трубкамен үрлеп шыныдан түрлі форма шығарамыз. Сондай-ақ, түрлі-түсті шыны да жасаймыз. Түсті әртүрлі металдардан шығарамыз. Жасылға темір, көкке кобальт, қызылға алтын және селен металдарын қосамыз. Бұл металдар Қазақстанда бар (күлді – авт.). Жұмыстарды команда болып дайындаймыз. Кей мүсіндерді 3 адам, кейбіріне 5-6 адам керек. Дизайн авторы көбіне өзім, бірақ мұның барлығын жалғыз істей алмаймын. Бір экспонат дайындауға орташа есеппен 5-6 сағат кетеді. Кейде 8 сағат керек. Мына көріп тұрған көбелекте алтын бар. Алтынды жоғары температурада қыздарғанда қызыл түске айналады. Осы көрмедегі ең арзан экспонат балықтар. 150 доллар тұрады. Ал үлкен құстар, мысалға фламинго қымбат бағаланады. 10 мың долларға сатылады. Бүгінгі көрмеге қайта оралсам... Қазақстанда жануарлар өте көп. Сондықтан мен шыныдан жануарлардың мүсінін жасап келдім», - деді шебер.

IMG_0942.jpg

IMG_0936.jpg

Оның көрмелері Еуропада, Үндістан, Пәкістан, Қытай, Малайзия, АҚШ-та және көптеген елге қойылған. Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Айтуынша, қазақстандық жастар өзінен білім алған.

IMG_1059.jpg

«Чехияда бұл өнердің тарихы тереңде және дәстүрі бар. Шынымен жұмыс істеуді үйрететін мықты мектептердің бірі Новый Бор қаласында орналасқан. Мен, менің балаларым, достарым сол жерде білім алдық. Әлемнің түкпірінен: Түркиядан, Франциядан, АҚШ, Иранға және басқа көптеген елге барып сабақ бердім. Маған келіп білім алатын студенттер де бар. Қазақстаннан да жас мамандар келген. Болашақта қазақстандықтар көбірек келсе деген үміттемін. Ал, үйренуге келген қазақ жастары тек менен емес, басқа да мамандардан білім алып, үйренді. Тағы, қазақстандық талантты жігіттер көбіне қыздың мүсінін жасайды», - деді ол. 

Шебердің отбасында өзіне дейін мұндай өнермен шұғылданғандар болмапты. Оның осы жолды таңдауына телесериал ықпал еткен.

IMG_0838.jpg

«Бала күнімде телеарнадан отбасылық сериал көрсететін. Үзбей қарайтынбыз.  Фильм шыныдан түрлі мүсін дайындайтын отбасы туралы болатын. Сол фильм қатты әсер етті және мен сол кезден осы өнерді таңдап қойдым», - деді ол. 

Оған елорда ұнапты. Айтуынша, қала таза әрі баратын жерге бағдарлар көп. Адаспай жүруге болады.

«Әзірге Нұр-Сұлтанды толық аралап үлгермедім. Дегенмен жолда қайда бара жатқаныңды білуге болады, өте таза, жан-жақты дамып жатқан қала екені көрініп тұр. Халқы өте жақсы және тамағы дәмді екен», - деді чехиялық маман.

IMG_0848.jpg

Айтуынша, Қазақстан президентінің резиденциясы Ақордада да шебердің қолынан шыққан аспа шам бар. 

«Ақорда үшін аспа шам әзірледік. Бұдан бөлек Дубайдағы метрода, әлемдегі танымал қонақүйлерде Ритц Карлтон, Риксос т.б. жұмыстарым қойылған», - деді Иржи Пачинек.

IMG_0923.jpg

Кейін көпшілік алдында чехиялық шебер Қазақстанның алғашқы президентіне арнайы сыйлық әкелгенін айтып, оған деген зор ықыласын білдірді.

IMG_0854.jpg

Өзгелердің жаңалығы