Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылдың наурызында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Nur Otan" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.
2020 жылдың наурызында Елбасының қатысуымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Қаралатын мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің атқарып жатқан жұмыстары, – деді Бауыржан Байбек сыбайлас емқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында.