Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Самұрық-Қазына» қорының өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы баяндалды.
А.Сәтқалиевтің мәліметі бойынша биылғы 7 айда уран саудасында, электр энергиясын өндіруде, сондай-ақ контейнерлік тасымалдауда көрсеткіштердің оң қарқыны байқалуда.
Елбасыға Қор тобындағы кәсіпорындардағы вакцинациялау процесі мен санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары туралы мәлімет берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.