Ел жарықтың қашан қосылатынын білмейді - Атырау облысының әкімі

8 Ақпан 2023, 20:43
1519
Бөлісу:
Ел жарықтың қашан қосылатынын білмейді - Атырау облысының әкімі
PHOTO
Фото: автордан

Атырау облысының әкімі жарыққа жауапты «Атырау-Жарық» АҚ мекемесінің жұмысын сынға алды. Электр желісін әлі қалыпқа келтіре алмай жатқандар жиналыста сөз естіді, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы 3 тәулікте мұнайлы өңірде қардың 1 айлық нормасы жауды. Салдарынан трансформаторлардың оқшаулағыш құрылғылары жанып кетіп, қаладағы 33 шағын аудан тұрғындары жарықсыз қалды. Электр желісі Жылыой, Махамбет және Құрманғазы аудандарындағы бірнеше елдімекенде де сөнді.Кеше «Атырау Жарық» АҚ Бірінші вице-президенті Қуат Сисенғалиев келеңсіздікті кешкі 21:00- ге дейін қалпына келтіреміз деген. Алайда кей ықшамауданда жарық бүгін таңғы 05:00 шамасында берілсе, қазір әлі электр желісі қосылмаған жерлер бар. Келеңсіздікті дер кезінде жоймағаны үшін жауапты мекеме президенті өңір басшысынан оңбай сөз естіді. 

Мен сіздің жауабыңызға қанағаттанбаймын. Неге сіздер 70 ктп- ны айырып, халыққа қоспадыңыздар. Соны да мен айтуым керек па? Алгоритмдерің болу керек қой. Бірінші кезекте кім, халық болу керек. Электр желісі болмаса, газдың болғанына не пайда? Жылу жүйесі істемейді. Бірде-бір диспечер телефонын көтермейді, жауап бермейді. Ел жарықтың қашан қосылатынын білмейді, қандай бригада жұмыс істеп жатқанын білмейді. Оның бәрін кім түсіндіріп отыру қажет сонда? Кеше сендердің берген ақпараттарыңды, мен жіберіп, жазып отырдым. Маған ондай жауап ұнамайды. Жыл сайын қайталанады. Мынау біздікі, анау жекенікі деп айтасыздар. Ол деген біз отырып алып, жүктелген жауапкершілікті бір-бірімізге лақтырып отырмыз деген сөз. Әріптестер, олай болмайды,-деді облыс әкімі С.Шәпкенов. 

Ел жарықтың қашан қосылатынын білмейді - Атырау облысының әкімі

Өңір басшысы, тұрғындардың шағымы негізінде 40 трансформаторды жаңартып бергенін де еске салды. Соның өзінде де, қолайсыз күн райында жұмысты дұрыс атқара алмай отырсыздар деп ашынды. 

Аймақтың жалпы ахуалы талқыланған отырыста қала әкімі Мейірім Қалауи да сынның астында қалды. Шаhар басшысы, дер кезінде штаб құрып, жүйелі жұмыс істемегені үшін сөз естіді. Серік Шәпкенов алынған техникалардың жұмысын көрмегенін айтты. Қала әкіміне, жұмысты жүйелендіру үшін 1 апта уақыт берді. Егер тапсырма орындалмаса, тиісті шара қолданатынын да ескертті. 

Синоптиктер ескертті, қардың жауатынын білдіңдер. Алғашқы қарды тазаладыңдар. Енді сәйкесінше, мынадай жағдайда қалай штаб құрмадыңдар? Штаб жоқ деген сөз, ол қаланың жүйелілігі жоқ деген сөз. Қазір сіздің сөзіңізден мен соны байқап отырмын. Аудандардың бәрінде штабы бар, қалада жоқ. Әркім өзінің істейтін жұмысын білу керек қой, Мейірім Жоламанұлы. Сонымен қатар, халыққа дер кезінде ақпарат беріліп отыру қажет. Халық түсінбейді емес, түсінеді.Олар қар жауғанын көріп тұр. Тек соны жеткізіп айту керек. Ауылдық округтері әкімдерінің де жұмысын көрген жоқпын. Техникаларын алып бердік, қайда олар? Тым болмаса ауылдық округ ішіндегі басты көшелерді тазалау керек қой. Өздерінің ойларына келгенді істейді. Бастарын бұғып жатыр. Штаб құрыңыз, алгоритм жасаңыз. Мен сізге бір жұма уақыт беремін. Егер болмаса, мен де тиісті шешім қабылдаймын,- деді С.Шәпкенов. 

Ел жарықтың қашан қосылатынын білмейді - Атырау облысының әкімі

Айта кетейік, Атырауда қалың жауған қардың кесірінен білім алушылардың сабағы онлайн форматқа ауыстырылды. Бірнеше бағыт бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтап, республикалық маңызы бар трассалар жабылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жарақат алғандар саны да артты. Осылайша облыс билігінің қысқа ешқандай дайындығы жоқ екені анық көрінді. Енді тұрғындар аймақ басшысының тапсырмалары лезде орындалып, олқылықтар реттеледі деген үмітте.                

 

Өзгелердің жаңалығы