«Ел үміті» жобасына қатысушылар экономиканы дамыту бойынша 150-ден астам бастама әзірледі

«Ел үміті» жобасына қатысушылар экономиканы дамыту бойынша 150-ден астам бастама әзірледі
821

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин «100 нақты қадам» ұлт жоспарын сапалы орындау мақсатында Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында іске асырылған өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасына қатысушылардың форумын өткізді. 

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Президенттің көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, менторлар және экономика мен әлеуметтік саланың 11 саласы: өнеркәсіп, АӨК, құрылыс, геология, денсаулық сақтау, білім беру, медиа, сауда және логистика, су ресурстары, туризм, мәдениет және спорт командаларының қатысушылары қатысты. 

Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасы Нұрсұлтан Назарбаев қорының бастамасымен, ҚР Үкіметінің жобалық офисімен бірлесіп жүзеге асырылды. 

Бағдарламаның мақсаты — экономиканың негізгі салаларын трансформациялау үшін нақты ұсыныстар әзірлеу. 2020 жылдың басында өткізілген конкурс қорытындысы бойынша 2958 үміткерден, әсіресе, жетекші ұлттық және шетелдік ұйымдарда үлкен практикалық жұмыс тәжірибесі бар 234 сарапшы іріктеп алынды. 

Бағдарламаға менторлар ретінде Қазақстанның, АҚШ-тың және Еуропа елдерінің мемлекеттік және жеке секторларынан 64 маман қатысты.  

2020 жылдың ішінде Асқар Мамин бағдарламаға қатысушылармен 50-ге жуық бетпе-бет кездесу өткізді. Өзгерістерді басқару жөніндегі менеджерлер салалық міндеттерді шеше отырып, еліміздің дамуына үлес қосып қана қоймай, Елбасы академиясы ұйымдастырған тренингтк іс-шаралар барысында өз біліктіліктерін жақсартты.


Үкімет басшысы Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан жастардың жобалары мен бастамаларын қолдаудың, сондай-ақ Үкіметтің жас мамандармен тиімді өзара іс-қимылының жарқын мысалы болып отырғанын атап өтті. Салалық менеджерлердің, менторлардың және мемлекеттік органдар өкілдерінің үйлесімді жұмысының арқасында елді дамытуға бағытталған 150-ден астам нақты бастама әзірленген.

Салалық менеджерлердің әрбір ұсынысын тиісті мемлекеттік органдар егжей-тегжейлі қарады. Әр сала бойынша жол карталары әзірленді. Енді біздің басты міндетіміз – олардың іс жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Міндеттердің басым бөлігі осы жылдың соңына дейін орындалуы тиіс, - деді Асқар Мамин. 

Премьер-министр салалық менеджерлердің бастамаларын іске асыру Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша міндеттерді шешуге ықпал ететінін атап өтті. 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы