Ел тұрғындарының саяси белсенділігі артып келеді – сарапшы

25 Желтоқсан 2020, 15:42
1561
Бөлісу:
Ел тұрғындарының саяси белсенділігі артып келеді – сарапшы
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы болады. Осыған орай, Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина «Сайлау туралы» заңға енгізілген өзгерістер жайында, сондай-ақ алдағы сайлаудың ерекшеліктері жөнінде пікір білдірді. 

Заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, енді партиялық сайлау тізіміндегі адамдардың 30 пайызы міндетті түрде әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жастар болмақ. Бұл өзгеріс әйелдер мен жастардың саясатқа белсенді араласуына мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сондай-ақ, егер осыған дейін өткен сайлауларда мәслихат депутаттарын бір мандатты округтер бойынша сайласа, ендігі кезекте, ең алғашқы рет партиялық тізім бойынша өтеді, яғни облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттарының барлығы партиялық тізім бойынша сайланады. Бұл принцип партиялардың өзара бәсекелестігін, аймақтарда мәслихат жұмысының әрі қарай белсене түсіп, партиялардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Алуа Жолдыбалина.
намр4.jpeg

Сарапшының айтуынша, елімізде 216 округтен ұсыну кезеңінің соңында: 56 округте 3 партиялық тізім, 137 округте - 4 тізім, 23 округте - барлық 5 саяси партиялардың тізімдері ұсынылған. Партиялық тізімдерге 8334 үміткер кіреді, оның ішінде 3721 - әйелдер мен 29 жасқа дейінгі азаматтар. Яғни, 30 пайыздық квота орындалды.

намр5.jpeg

Соның ішінде:

- «Ауыл» партиясы – 611 кандидат, оның 326-сы немесе 53,4 % әйелдер мен 29 жасқа дейінгі азаматтар; 

- «Nur Otan» партиясы - 6234 кандидат, оның 2527-сі немесе 40,5 % әйелдер мен 29 жасқа дейінгі азаматтар;

- «АDAL» партиясы - 540 кандидат, оның 354-і немесе 65,6 % әйелдер мен 29 жасқа дейінгі азаматтар; 

- «Ақ жол» партиясы - 715 кандидат, оның 374-і немесе 52,3 % әйелдер мен 29 жасқа дейінгі азаматтар; 

- «Қазақстанның халық партиясы» - 234 кандидат, оның 140-ы немесе 59,8 % әйелдер мен 29 жасқа дейінгі азаматтар.

Сондай-ақ, кездесуде Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Самат Нұртаза еліміздегі сайлауалды шаралардың бәрі де заңға сәйкес өтіп жатқанын атап өтті. 

Әлеуметтік желілерден байқағанымыздай, маңызды саяси додаға үн қосып жатқандар аз емес. Қазір бұрынғыдай емес, ел тұрғындарының саяси белсенділігі артып келеді. Жалпы 5 партияға да бірдей мүмкіндіктер берілген. Яғни, бұл біздің еліміздің демократиялық бағытта келе жатқанын айғақтайды, – деді сарапшы. 
нуртаза.jpeg

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Серік  Әуесханов бірлестік жанынан құрылған өңірлік байқаушылар штабының жұмысы туралы баяндап өтті.


Алдағы сайлауға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан 5762 тәуелсіз байқаушылар тіркеліп, олар дауыс беруді республика бойынша 3726 сайлау учаскелерінде бақылайтын болса, ал Шымкент қаласы бойынша 293 тәуелсіз байқаушылар тіркеліп, олар дауыс беруді қала бойынша 293 сайлау учаскелерінде сайлау процесінің барысын бақылайтын болады, - деді Әуесханов.
намр7.jpeg

Жиын барысында Шымкент қаласындағы ҮЕҰ, ЖОО ұстаздары және жастар өкілдері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, алдағы сайлауда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

намр3.jpeg


Өзгелердің жаңалығы