Ел тұрғындары биыл демалысқа қанша ақша жұмсамақ?

28 Наурыз 2021, 10:13
2132
Бөлісу:
Ел тұрғындары биыл демалысқа қанша ақша жұмсамақ?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. GorodRabot.kz іздеу жүйесі қазақстандықтардың демалысқа орта есеппен қанша ақша жұмсағанын және 2021 жылы қанша жұмсауға дайын екенін айтты.

Зерттеуге сәйкес, белсенді демалыс кезеңі сәуірдің соңында басталып, қазан айының ортасына дейін жалғасады екен. Қазақстандықтардың 87%-ы «барқыт маусымы» кезінде демалуды таңдайды екен.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 43%-ы жылына бір рет демалыс алады, бар болғаны 3%-ы жылына бірнеше рет демалуға ұшады. Тек 37% -ы қатарынан 14 күн демалады.

Сауалнамаға қатысушылардың 52%-ы демалысқа бүкіл отбасымен баралы екен. Орташа алғанда, жеті күндік демалыс бір адамға 132 000 теңге тұрады.

Статистика бойынша, еліміздегі орташа жалақы -185 650 теңге.

2021 жылы қазақстандықтардың көпшілігі демалысқа бір адамға 150 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін жұмсауды жоспарлап отыр. Сұралғандардың 48%-ы осындай жауапты таңдаған.

Тағы 37%-ы бір демалысқа 100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін қаржы қарастырып отыр екен. Биылғы жылы қазақстандықтардың 6%-ы бір адамға 50 000-100 000 теңгеге демалуға шешім қабылдапты.

 Newtimes.kz сайтының мәліметінше, сауалнамаға қатысқандардың 9%-ы бір адамға 200 000 теңгеден жұмсауға дайын, олардың 3%-ы демалыста үнемдеуге болмайды деп санайды.



Өзгелердің жаңалығы