"Ел тізгіні жастардың қолына өтеді". Президент жастарға үндеу жолдады

15 Наурыз 2024, 17:11
429
Бөлісу:
"Ел тізгіні жастардың қолына өтеді". Президент жастарға үндеу жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында жастарға үндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тоқаев жақында Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен арнайы кездескенін атап өтті. Сонда айтқан ойын еліміздің барша жастарына тағы да қайталап айтты.

Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Көп ұзамай мемлекетті басқару ісі, яғни ел тізгіні бүгінгі жастардың қолына өтеді. Сіздер осы жауапкершілікті қазірден бастап сезінулеріңіз қажет. Өздеріңізге жүктелетін тарихи миссияны орындауға қашанда дайын болуларыңыз керек. Біз жасампаз халық болуымыз қажет. Оған әлеуетіміз толық жетеді, - деп айтты Мемлекет басшысы отырыста.

Президент айтқандай, сан ғасырлық тарихында қазақ мемлекеттігінің құрылымы талай рет өзгерді. Бірақ елдігіміздің тұғыры қашанда – берік, ұлтымыздың рухы – әрдайым асқақ.

Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға ұмтылуымыз керек. Өнімді еңбек етіп, сапалы білім алып, ортақ мақсатқа жұмыла білуіміз қажет. Сонда болашағы жарқын, қуатты мемлекетті бірге құрамыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы