Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ел тірегі ─ Елордам» атты елорда күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді.
Шара аясында «Ел-жүрегі Астана» тақырыбындағы сурет көрмесі ұйымдастырылады. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай, қаламгердің «Шыңырау» повесі бойынша түсірілген көркем фильмнің таныстырлымы өтеді. Бұл фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.
Көркем фильм Еңсеп есімді құдықшының өмірін, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі кездесетін қиындықтар бақталастық, менмендік, махаббат, достық пен сатқындық туралы баяндайды.
Қоюшы режиссері Жаңабек Жетіруов, актерлердің қатарында "Жау жүрек мың бала" фильмімен көпшілікке танылған Асылхан Төлепов пен бірге "Кек" фильмінде басты рөлдердің бірін ойнаған Алдабек Шалбаев та бар. Айта кетейік, бұл повестте автор сирек кездесетін ауыр кәсіп иелері - құдықшылардың өмірі туралы айтылған.