2000 метр қашықтықтағы аралас эстафетада Қазақстан құрамасы жоғары шеберлік танытып, қысқы универсиадада қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы сапында Алина Ажғалиева, Малика Ермек, Яна Хан, Валерий Клименко және Дінмұхамедәлдияр Тәжібай өнер көрсетті. Команда 2:44.815 уақыт көрсетіп, сынды спортшыларымыз қорғап, мәреге үшінші келді.
Жарыстың алтын жүлдесін Оңтүстік Корея құрамасы жеңіп алса, күміс медаль Қытай өкілдеріне бұйырды.