Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. 23 маусым мемлекеттік қызметкерлер күні ретінде аталып өтіледі. Елімізде осынау кәсіби мереке 2013 жылдан бері бар.
Қостанайда түрлі мекелекет қызмет саласында жүрген мамандардың құрметіне орай салтанатты жиын өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Виктор Ионенко жиналғандарды мерекесімен құттықтап, мемлекет үшін мінсіз қызмет атқарғандарға құрмет көрсетті.
Өңіріміздегі мемлекеттік қызметкерлердің ел үшін атқарып жатқан жұмыс сапасы жыл санап жақсаруда. Сонымен қатар, оларға артылған жауапкершілік жүгі де салмақты. Бұл жердегі біздің ортақ мақсатымыз - ел дамуының жаңа моделін құру. Әрі қойылған барлық міндеттерді орындай алатын сауатты мамандарға қолдау көрсету. Осындай үйлесім мен жұмыс сапасы болғанда ғана жаңа Қазақстанды құра аламыз. Халықтың мұң-мұқтажына да дер кезінде құлақ түру маңызды. Себебі, әрбір мемлекеттік қызметкер ел үшін еңбек етіп жатқанын естен шығармау керек, -деп атап өтті Виктор Ионенко өз құттықтау сөзінде.
Осы орайда біз мерекелік жиынға жиналған мемлекеттік қызметкерлердің пікірін білген едік. Олардың басым бөлігі бізбен пікірлесу барысында осы салада еңбек етіп жүрген мамандарға тән қасиеттер туралы ой қозғады.
Мен Облыстық ветеринария басқармасында екі жыл жұмыс істеймін. Басында жұмысым өте қиын болды. Бірақ ұжымдағы тәжірибелі мамандардың арқасында бұл қиындықтарды да еңсердім. Бүкіл аймақтағы жағдайды бақылау оңай емес. Бірақ бұл міндет, жауапкершілікті бағалау маңызды, - дейді Облыстық ветеринария басқармасының бас маманы Григорий Ганжа.
Тағы бір жаста болса бас болып жүрген мемлекеттік қызметкердің бірі - Дархан Қикімов. Ол Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының басшысыболып қызмет атқарады.
Осы салада жұмыс істеп жатқаныма 10 жылдан асты. Біз үшін халықтың мұң-мұқтажын бірінші орынға қоя білу маңызды. Әрбір сөзге үңіліп, дұрыс қорытынды жасау, бейжай қалмау. Мұндай қасиеттерді біздің бойымызда мемлекеттік қызмет тәрбиелейді, - дейді Дархан Қәкімов.
Жалпы Қостанай облысында мемлекеттік қызмет саласында 5 мыңға жуық адам тер төгіп жүр. Солардың арасынан ең мықтылары ғана мерекелік концертке қатысу құрметіне ие болып отыр.
Олар қатысып қана қоймай арасында үздік жұмыс үлгісін көрсеткендер түрлі алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, жақында өткен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спорттық және дебаттық турнирлерден топ жарғандар да елеусіз қалмады.