Ел ішінде қатынайтын пойыздарға интернет орнатыла ма?

11 Шілде 2022, 18:30
1551
Бөлісу:
Ел ішінде қатынайтын пойыздарға интернет орнатыла ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасына сұхбат берген «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали мәлімдеді. 

Сондай-ақ еліміздің кең байтақ даласын саяхаттаған жолаушы пойызда зерікпес үшін интернет орнатыла ма деген мәселеге тоқталды. 

Wi-Fi орнату мәселесіне келсек, оны Цифрлық даму министрлігі қарастырғаны дұрыс деп ойлаймын. Біз пойызда интернет қосылып жатса, әрине қарсы емеспіз, - деп ағынан жарылды компанияның ресми өкілі. 

Айтуынша, Тальго пойызымен жолға шыққандар үшін арнайы портал жұмыс істеп тұр. 

Тальгода интернет емес, мультимедиалық портал деп аталатын өзінің арнайы жүйесі бар. Сол арқылы жолда келе жатып кино, мультфильм, бағдарламаларды тамашалауға болады. Айта кетерлігі, ол жерде ұлттық бағыттағы фильмдер көп жүктелген. Ұлттық киноларды біз көрсетпесек, басқа кім көрсетеді деген оймен солай жасалды, - дейді Мәди Мұхамедқали. 

Еске сала кетейік, бұған дейін акционерлік қоғамның өкілі пойыздарда әсіресе жазғы маусымда неліктен билет тапшылығы сезілетінін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы