Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз төрінде басталған тартысты доданың алғашқы жеңімпазы да анықталды.
Ел чемптонатының алғашқы айналымының алғашқы ойынында бақ сынасқан Қарағанды облысының құрама командасы мен Батыс Қазақстан облысының құрамасы арасындағы ойын аса тартысты өтті деуге келмес. Таңғы салқынмен басталған ойында Қарағандылықтар айқын басымдық танытты.
Алғашқы есеп ашқан қарағандылық көкпаршы – Құлымбет Шадияр 2 салым, Байғазиев Елдос – 1, Есмахаев Дидар – 1, Кәрібаев Алмаз – 3, Исақ Марғұлан – 2, Шалғынбаев Рамазан – 2, Оспанов Ерлан – 2 салым салды.
Сонымен алғашқы ойын 14-0 есебімен Қарағанды облысының пайдасына шешілді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы, Тараз қаласының шетіндегі Бестөбе атшабарында Көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Чемпионатта көкпармен қатар Аударыспақ спортының алыптары да өз бағын сынайтын болады.