Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Таразда өтіп жатқан Көкпардан ересектер арасындағы ел чемпионатында Маңғыстау облысы мен Ақтөбе облысы құрамалары арасындағы сайыс аяқталды.
Алғашқы айналымда-ақ ойын тізгінін қолға алған «Адай ата» құрамасы осы ойынның майталманы екенін танытып бақты.
Бұған дейін Павлодар облысын 16:1 есебімен ұтып, Нұр-Сұлтан қаласы құрамасынан 8:3 есебімен ұтылған Ақтөбе облысы осы жолы да Маңғыстау облысына жол берді.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы құрамасынан 6:3 болып ұтылып, Шымкент қаласы құрамасын – 3:2 есебімен және Павлодар облысы құрамасын – 20:1 есебімен ойсырата ұтқан маңғыстаулықтар, бұл жолы да Ақтөбеге бір салым салуға мүмкіндік бермеді.
Сонымен Маңғыстау құрамасына тиесілі 5 салымның екеуін Пупенко Александр салыс, екеуін – Ақбаев жорабек, біреуін – Сейітбеков Темірлан салды.