Ел чемпионаты. «Әулие ата» кешегі жеңісін қайталады

21 Мамыр 2019, 12:40
2744
Бөлісу:
Ел чемпионаты. «Әулие ата» кешегі жеңісін қайталады
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық спорттан Тараз төрінде өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімінен кейін алаңға Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен Алматы қаласының құрамасы шықты.

Ел чемпионаты. «Әулие ата» кешегі жеңісін қайталады

Алаң иелері кеше СҚО құрамасын 15:2 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Бүгін де ойынның алғашқы бөлігінде бұл ойынның қожасы өздері екенін танытып бақты. Ал кешегі ойында Алматы құрамасы Қостанайдан 7:5 болып ұтылған еді

Ел чемпионаты. «Әулие ата» кешегі жеңісін қайталады

Бүгінгі тартыста алматылықтар айтарлықтай қарсылас бола алмады. 20 минутқа созылған алғашқы ойында-ақ 5:0 болып ұтылды. 

Құлажан Тоғайбаев, Құрманбек Тұрғанбек, Ернар Жарылқасын және тағы басқа танымал сайыпқырандары бар «Әулие ата» командасы ешкімге дес бермейтінін танытып келеді. Бүгінгі ойында да есепті жеткізіп, алматылықтардан ат бойы алға шықты. 

Ел чемпионаты. «Әулие ата» кешегі жеңісін қайталады

Екінші айналымда да алматылықтар бір салым да сала алмады. Ойын қорытындысы бойынша «Әулие ата» 8:0-мен жеңді.

Салым салғандар:
Алматы құрамасы – 0.

«Әулие ата»: Жұлдызхан Тайырбеков – 1 салым, Ернар Жарылқасын – 2 салым, Жантөре Әбдәлі – 1 салым, Бағылан Ширимбаев – 2 салым, Құрманбек Тұрғанбек – 2 салым.

Ел чемпионаты. «Әулие ата» кешегі жеңісін қайталады

С тобындағы Қостанай облысы, Жамбыл облысы және СҚО құрамасының ішінде Қостанай мен Жамбыл облысынан ұтылған алматылықтар ертең СҚО-мен сайысқа түседі. Топтық кездесуде ойсырай ұтылған алматылықтардың бар үміті солтүстік саңылақтарында ғана қалып отыр.

Айта кетейік, бүгін Тараз қаласының Бектөбе атшабарында Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан – V чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.


Өзгелердің жаңалығы