Су тасқыны. Ел аумағындағы жағдай тұрақты - ТЖМ

5 Сәуір 2021, 13:19
1143
Бөлісу:
Су тасқыны. Ел аумағындағы жағдай тұрақты - ТЖМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты. Өткен тәулікте тұрғын үйлер мен жолдарды су басу тіркелген жоқ. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Су тасқыны кезеңінде азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының іс-қимылын үйлестіру үшін ТЖМ-де республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Осындай штабтар 8 өңірде құрылған: Ақмола, Ақтөбе, БҚО, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және СҚО ТЖД, - делінген хабарламада.
Су тасқыны. Ел аумағындағы жағдай тұрақты - ТЖМ

Көктемгі су тасқынынан туындаған ТЖ тәуекелдерін төмендету мақсатында өңірлер аумағында ЖАО және ТЖМ бөлімшелерінің күштерімен тәулік ішінде келесі іс-шаралар өткізілді:

Ақмола облысы бойынша:
- Көшелер мен аула аумақтарынан 4194,4 текше метр еріген қар суы сорылды.
- Атбасар ауданында инертті материалы бар 570 қап төселді.
- Целиноград ауданында 250 м бөгет нығайтылды. Жаңа 115 м бөгет тұрғызылды.

9 аудан мен 2 қалада 7 мыңнан астам каналдар мен арықтар тазартылып, 19,7 текше метр қар шығарылды.

Ақтөбе облысы бойынша:
- Әйтеке би ауданының Қандыағаш қаласы мен Жүргенов кенті көшелерінде және аула аумақтарында 520 текше метр еріген қар суы сорылды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
- Өскемен қаласында және Бесқарағай ауданында көшелерден, аула аумақтарынан 1250 текше метр еріген қар суы сорылды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша:
- Орал қаласы, Бөрлі, Шыңғырлау және Бәйтерек аудандарында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД күшімен 3726 текше метр еріген қар суы сорылды.
- Тасқала ауданының Деркөл өзенінде шұңқырларды бұрғылау және өзен мұзын кесу жұмыстары жүргізілді. Aуданы 2576 шаршы метрде 161 м мұз, кесілген.

Қарағанды облысы бойынша:
- 2 қалада (Қарағанды және Теміртау қалалары) және 3 ауданда (Нұра, Осакаров және Ақтоғай) 401,3 текше метр қар шығарылды, 1170 метр арық және жолдардағы 9 су өткізу құрылғысы тазартылды, 20 қап инертті материал төселді және 10 текше метр еріген қар суы сорылды.

Павлодар облысы бойынша:
- Павлодар қаласы мен 5 ауданда (Ақсу, Ақтоғай, Железин, Ертіс және Шарбақты) 113 текше метр еріген қар суы сорылды;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
- Аққайың және Қызылжар аудандарында 800 м бөгет нығайтылды.
5 ауданда (М.Жұмабаев, Айыртау, Ғ. Мүсірепов, Жамбыл, Уәлиханов) 0,5 км каналдар кеңейтіліп, тереңдетілді, 2,5 км каналдар тазартылды, 1,4 км арықтар тазартылды, инертті 300 қап жиналды, жолдардағы су өткізу құрылыстарының 63 бірлігі тазартылды.

Су тасқыны. Ел аумағындағы жағдай тұрақты - ТЖМ

Алдын алу жұмыстарын жүргізуге ТЖМ, ЖАО және ПД күштері мен құралдары 574 адам, 268 бірлік техника және 20 бірлік мотопомпа құрамда жұмылдырылды.

Су тасқыны. Ел аумағындағы жағдай тұрақты - ТЖМ

Өзгелердің жаңалығы