Ел аумағында бір тәулікте 5 орман өрті тіркелді

Орман алқаптарындағы жағдай әуе және жерүсті патрульдеу арқылы бақылауда.

3 Қазан 2026, 08:23
АВТОР
 Экология және табиғи ресурстар министрлігі 3 Қазан 2026, 08:23
3 Қазан 2026, 08:23
153
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

2 қазанда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында бес орман өрті тіркелді.

Оның ішінде Ақмола және Қарағанды облыстарында бір-бірден, Солтүстік Қазақстан облысында екі өрт және «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бір өрт болған.

Орман алқаптарындағы жағдай әуе және жерүсті патрульдеу арқылы бақылауда. Өрт ошақтарын жедел оқшаулап, сөндіруге мемлекеттік орман күзеті мен ТЖД қызметкерлері тартылды.

Сондай-ақ су төгетін құрылғымен жабдықталған «Қазавиаорманқорғау» тікұшағы жұмылдырылды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, отты қараусыз қалдырмауға шақырды.

 

Наверх