Ел аумағынан жағармайды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

14 Қараша 2021, 16:29
698
Бөлісу:
Ел аумағынан жағармайды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген уақытша шектеулерге қарамастан, кейбір жеке және заңды тұлғалар ЖЖМ-ды заңсыз өткізуге әрекет жасауда. 13 қарашада ҚР ҰҚК ШҚ шекара жасағы Жамбыл облысы Меркі ауданының «Чальдовар» (теміржол) өткізу пунктінде Қазақстан аумағынан шамамен 68 тонна дизель отыны мен 120 тонна бензинді заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті (отын түрін сараптама белгілейді). Отыны бар үш цистернаны тасымалдау газ конденсаты түріндегі жүк темір жол құрамымен жүзеге асырылды. 

Сараптама қорытындысы бойынша ұсталған тауарды іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне беру жоспарлануда. Ұсталған жанармайдың алдын ала құны 50 млн теңгені құрады.


Өзгелердің жаңалығы