Ел алғысын алған полицейлер

24 Ақпан 2022, 09:38
2161
Бөлісу:
Ел алғысын алған полицейлер
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Бір жұма бұрын Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығынан барлық бағытқа жолдар жабылды. 

Ақтүтек боран салдарынан тас жолдарда жүздеген көлік тоқтап қалды. Жүргізушілер мен жолаушыларға қиын сәтте полицейлер көмекке келді.

Ел алғысын алған полицейлер

Жүзге жуық жеңіл және жүк көлігі Павлодар-Нұр-Сұлтан тас жолының бойында тоқтап қалды. Мамандардың айтуынша, боранды күндері Екібастұз қаласы мен Бәйет ауылының арасындағы жолды қар басып қалады. Жақын аумақтағы Төртқұдық ауылының жанындағы учаскеде көлік кептелісі пайда болады.

Ел алғысын алған полицейлер
Ел алғысын алған полицейлер

Екібастұз қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Шідерті кенті полиция бөлімінің қызметкерлері Қуандық Рахметов пен Біржан Нәжімов үшін бұл - үйреншікті жағдай. Осы жолы да тұрғындарға көмекке келді. Қолдарына күрек алып, қарда батып қалған көліктерді шығаруға көмектесті. Сонымен қатар бірнеше сағат бойы көлік керуеніне жол көрсетті.

Ел алғысын алған полицейлер
Ел алғысын алған полицейлер

Боранды күндері жол бойындағы азаматтардың қауіпсіздігіне баса назар аударамыз. Қоңыраулар түссе, оқиға орнына шұғыл шығамыз. Сол күні Төртқұдық ауылының маңында тоқтап қалған машиналарды байқадық. Оны шығарғанша, колонна пайда болды. Көлік кептелісі ұлғая берді. Біз әріптесім екеуміз кезектесіп жаяу жол көрсеттік. Ақпан-наурыз айларында осы тектес жағдайлар жиі кездеседі. Біз үйреніп алдық, - дейді Шідерті кенті полиция бөлімінің бастығы Қуандық Рахметов.

Ел алғысын алған полицейлер
Ел алғысын алған полицейлер

Шідерті - үш мыңнан астам халқы бар елді мекен. Полицейлердің айтуынша, соңғы уақытта кенттегі крименогендік жағдай тұрақталған. Ауыр қылмыстар тіркелмейді. Ұрлық және тонаудың бірнеше дерегі анықталып, кінәлілер жауапқа тартылды. 

Ел алғысын алған полицейлер
Ел алғысын алған полицейлер

Қар құрсауында қалып қойғандардың қатарында жергілікті тұрғын Жаһангир Ақажанов болған. Жас жүргізуші Екібастұз қаласынан үйіне келе жатқанда жолда қалып қойған.

Ел алғысын алған полицейлер

Жолға шыққан кезде күн ашық болды. Аяқ астынан ауа райы күрт бұзылып кетті. Бірнеше сағат далада қалып қойдық. Тәртіп сақшылары көмекке келмесе, түні бойы далада қалар едік. Оларға алғыс білдіргім келеді. Кәсіби мамандардың арқасында кентіміз қауіпсіз елді мекенге айналды. Өзіміз де заңды бұзбай, қоғамдық тәртіпті сақтауға тырысамыз, - дейді жүргізуші. 

Ел алғысын алған полицейлер

Полиция капитаны, патрульдік полиция инспекторы Біржан Нәжімов те Қуандық Рахметовпен бірге сол күні қызметке кірісті. 

Ел алғысын алған полицейлер

Жолдағы көліктердің жылдамдық режимін сақтауын қадағаладық. Жолдың ортасында тоқтап қалған машиналарды қызметтік көлігімізге тіркеп, шығаруға тура келді. Себебі, қозғалыс тоқтап қалар еді. Колонна жол бойына тұрған соң жаяу жол көрсетіп отырдық, - дейді Біржан Нәжімов.

Қазіргі уақытта салалық мекеме басшылығына полицейлердің атына алғыс білдірген тұрғындардан хаттар түсіп жатыр. Ал тәртіп сақшылары халыққа көмекке келуге әрдайым дайын екендерін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы