Ел алдында 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру тұр – Елбасы

16 Қыркүйек 2021, 12:22
3044
Бөлісу:
Ел алдында 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру тұр –  Елбасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев XVII Еуразиялық медиа форумның қатысушыларына жолдаған үндеуінде айтты.

Елбасының сөзін Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев оқыды.

Ел алдында 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру тұр –  Елбасы

XVII Еуразиялық медиа форумның қатысушылары мен қонақтарын қарсы алуға қуаныштымын. Өткен жылдар ішінде форум пікір алмасу үшін танымал медиа алаңға айналды. Белгілі саясаткерлер мен сарапшылар, жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мұнда әлемдік қоғамдастық үшін ең өзекті мәселелерді қарастырып, оларды шешудің жаңа тәсілдерін әзірлейді, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев форум өз тарихында алғаш рет онлайн форматта өтіп жатқанын атап өтті. Бірақ бұл Еуразия мен әлемнің өзекті мәселелерінің маңыздылығы мен кең талқылануына әсер етпейтінін де жеткізді.

Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Біз үлкен және күрделі жолдан өттік, онда елеулі нәтижелерге қол жеткіздік. Бүгінде біздің еліміздің алдында жаңа мақсат 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру тұр. Қазақстан қозғалысының өзегі әрқашан халықтың бірлігі болғандықтан, осы стратегиялық мақсатқа қол жеткізіледі. Жаңа жаһандық сын-тегеуріндер мен әлемдік пандемиямен күрестің қазіргі жағдайында бүкіл адамзат үшін негіз қалаушы тұтастық қағидаты болуға тиіс, - делінген Елбасының үндеуінде.

Сөз соңында Елбасы форумның қатысушыларына жемісті пікірталастар тіледі.

Өзгелердің жаңалығы