Экстремистер мен педофилдер Қазақстанға кіргізілмейді

13 Сәуір 2022, 13:12
1772
Бөлісу:
Экстремистер мен педофилдер Қазақстанға кіргізілмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Ғазиз Құлахметов «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасын таныстырған кезінде айтты. 

«Босқындар туралы» заңның 8 және 9-баптарын сәйкестендіру мақсатында өзгерістер енгізіледі. Құжат бойынша пана іздеген адамдар мен босқындар Қазақстан Республикасының аумағындағы мекенжайын ауыстырған жағдайда тіркеуден шығып, 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органда қайта тіркелуі тиіс. Енді пана іздегендерді Қазақстан Республикасы аумағында мекенжайы бойынша тіркеп, мұндай тұлғаларды тіркеу тәртібін бекіту құзыретін Ішкі істер министрлігіне берген орынды, - деп атап өтті мәжілісмен.

Одан бөлек, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» заңдары шетел азаматтарының елімізге кіруіне тыйым салынатын қосымша негіздемелермен толыққалы отыр. 

Мәселен шетел азаматының экстремизм-терроризмге қатысы бары немесе Қазақстанда экстремистік не террористік деп танылған ұйымға қатысы бары туралы мәлімет-деректер негізінде шетел азаматының елге кіруіне тыйым салынады және ұлттық қауіпсіздік органдарына тыйым салу себебін түсіндірме құқығын беру ұсынылады. Жетінші – балаларды қылмыстық құқықбұзушылықтан қорғау мақсатында үш заңға келесі нормалар енгізіледі. Кәмелетке толмаған балаларға сексуалды сипатта қылмыс жасағандарға Қазақстанға келуіне өмір бойына тыйым салынады, Қазақстанда тұрақты мекендеуіне және Қазақстан азаматтығын алу туралы эмигранттық өтінішін қабылдауға да рұқсат берілмейді, - деді Мәжіліс депутаты Құлахметов.

Өзгелердің жаңалығы