7 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

7 Ақпан 2019, 18:42
2734
Бөлісу:
7 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ Интерполы Максим Леонтьевті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Болгариядан экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

"Ұсталған азамат 2012-2017 жылдар аралығындағы кезеңде  Қарағанды облысы Ақтау қаласындағы «Central Azia Cement» АҚ-да өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпорынның 382 млн теңге ақшалай қаражатын жымқырғаны үшін күдікті атанған" - делінген хабарламада.

Леонтьев қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

Оны экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының болгарлық әріптестерімен үйлесімді әрекеттерінің арқасында мүмкін болды.

Қазіргі таңда, күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы