Экспорттаушылар сыртқы нарыққа неге шыға алмай жүр? – Сауда министрі жауабы

21 Мамыр 2024, 10:23
520
Бөлісу:
Экспорттаушылар сыртқы нарыққа неге шыға алмай жүр? – Сауда министрі жауабы
Фото: primeminister.kz

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев отандық экспорттаушылардың мүдделері қалай қорғалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов “Арман Абайұлы, біздің экспорттаушылар сыртқы нарықтарға шыққан кезде көптеген мәселе бар, ол көпке белгілі. Оны шешу үшін қандай шаралар қабылдап жатырсыздар?” деп сұрақ қойды.

Екі басты мәселе бар. Бірінші - логистика. Мұны шешу үшін жыл басынан бастап жедел штаб ашылды. Біз “Қазақстан Теміржол” компаниясымен бірлесіп, бүкіл экспорттаушылардың мүдделерін қорғап, жаңа тәсілдер енгіздік. Екінші бағыт - кедендік және шекаралық кедергілер. Бұл мәселені жою үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жол картасын әзірледің, – деп жауап берді Шаққалиев.

Ведомство басшысы экспорттаушылар мәселесі бақылауда екенін айтады.

Бүгін үкімет отырысында сауда министрі шикізаттық емес экспортты дамыту жөнінде баяндап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы