Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің бүгінгі міндетіміз - экспорттаушыларға барлық мүмкін әдістермен барынша қолдау көрсету, деп жазды Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында.
Жарты жылдың ішінде біздің команда 700-ге жуық сұранысты өңдеді. Мазмұны жағынан олар келесідей:Сіздерді Сауда министрлігінің жұмысымен таныстыруды жалғастырамын. Карантиндік тыйымдар әлем елдері арасындағы сауда процестерін едәуір қиындатты. Біздің бүгінгі міндетіміз - экспорттаушыларға барлық мүмкін әдістермен барынша қолдау көрсету.
Наурызда біз @exportgov телеграм-чатын іске қосып, экспортпен айналысатын кәсіпкерлермен «тікелей байланыс» орнаттық. Осы чат арқылы біздің мамандар тәулік бойы бизнестің сұраныстарын қабылдайды. Олар туындаған барлық мәселелерді тезірек шешуге тырысады. Отандық өнімді жеткізушілердің жедел ақпаратының арқасында біз Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасындағы «Жасыл дәліздің» жұмысын қалпына келтіре алдық, Ресейге антисептиктерді экспорттау, сондай-ақ Қытайға сүт ұнтағын жеткізуді және басқа да көптеген мәселелерді шештік, - деп жазды Сұлтанов.
10% - пандемия кезіндегі жұмыс істеу мәселелеріне, оның ішінде әр түрлі тыйым салуларға қатысты, 20% - құжаттарды рәсімдеу туралы, 14% - консультациялық-аналитикалық қолдау көрсетуге қатысты және т.б. сұраныстар.
Қазірге таңда бұл арна «экспорттаушылар - Сауда министрлігі» форматында ғана емес, отандық өндірушілермен тікелей байланыс орнатуға арналған платформа болып табылады. Ол екі тарап үшін де пайдалы болады деп сенемін. Осы чатта 800-ге жуық белсенді бизнесмен бар және олардың саны өсіп келеді.
Жаңа байланыс арналарын қолдану өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Ең бастысы, бұл бизнес пен мемлекет үшін пайдалы ұтымдылыққа кепілдік береді.
Мен барлық кәсіпкерлерге, өндірушілер мен экспорттаушыларға жүгінемін: Егер сізде экспорттауда қиындықтар туындаса, сұрақтарыңыз болса немесе кеңестер қажет болса, сіз біздің тәулік бойы жұмыс істейтін @exportgov чатына хабарласа аласыз, - деп атап өтті министр.