Зүлфия Сүлейменова ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе облысында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастаған.
2015-2019 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Қоршаған орта және даму департаментінің консультанты болып еңбек еткен.
2019 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы дамыту бағдарламасының Түрікменстандағы халықаралық консультанты, Біріккен Ұлттар Ұйымы дамыту бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық консультанты болып жұмыс істеген.
2020-2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарған.
2021 жылы Парламент Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты болып сайланған.
2022 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары.
2023 жылғы 4 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.