Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ісі сотқа түсті

19 Шілде 2024, 19:20
422
Бөлісу:
Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ісі сотқа түсті
Фото: gov.kz

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты іс қылмыстық соттың қарауына жіберілді. Бұл туралы елорда сотының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс «өте құпия» деген белгімен келіп түсті, – деп хабарлады қалалық соттан.

Еске сала кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрлігін 2019 жылдан бастап басқарды. Ол лауазымынан Қаңтар оқиғаларынан соң, 2022 жылы босатылған еді

Бұрынғы Ішкі істер министрі биыл 30 сәуірде ұсталған еді.

2 мамырда Бас прокуратура бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың екі айға қамалғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы