Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

20 Маусым 2023, 18:07
2415
Бөлісу:
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына сот үкімі оқылды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Сот оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Айта кетейік, бұған дейін прокурор бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, - деді судья Бағлан Ыдырысов.

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

Еске салсақ, Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылдың 28 мамырында қамауға алынған болатын. Ал 16 маусымда Астана қаласы Байқоңыр ауданының 2 сотында ол соңғы сөзін сөйлеп, кез келген жазаға келісетінін, бірақ бюджет қаражатын жымқыру деген айыппен келіспейтінін айтқан болатын.

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

Құрметті судья, мен кез келген жазаға келісемін, тіпті ату жазасы болса да. Бірақ жымқырды дегенге емес. Қазақтың керемет мақалы бар: «Өлімнен ұят күшті». Мен 60 жыл лайықты өмір сүрдім, - деп мәлімдеді экс-министр.

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

Арыстанбек Мұхамедияұлына «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге,  «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды
Өзгелердің жаңалығы