Экономикамызда әділдік болуы керек - Мемлекет басшысы

12 Желтоқсан 2023, 11:01
471
Бөлісу:
Экономикамызда әділдік болуы керек -  Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Сапа» сыйлығын табыстау рәсімінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент елімізде Индустрияландыру жұмысы соңғы жылдары жоғары қарқынмен жүзеге асырылып келе жатқанын айтты.

Былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты 26 миллиард доллардан асты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Өткен жылы осы салаға 1,5 триллион теңге инвестиция тартылды. Өңдеу кәсіпорындарын дамытуға барынша жағдай жасалды. Соның нәтижесінде республикалық бюджетке түсетін салық 5 есе артты. Осылайша, бизнес өкілдері мемлекеттің сенімді серіктесіне айналды. Біз биыл жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық. Ең алдымен, экономикамызда әділдік болуға тиіс. Сондықтан бірқатар маңызды мәселеге назар аудару қажет,-деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы еліміздегі бизнес қарқынды дамып жатқанынын тілге тиек еткен еді.

Өзгелердің жаңалығы