Экономика өсімін сақтап қалуымыз керек - Бектенов

Бүгiн, 16:02
121
Бөлісу:
Экономика өсімін сақтап қалуымыз керек - Бектенов
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов министрліктерге бірқатар міндет жүктеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қараша айында  жылдық инфляция 8,4% дейін бәсеңдеді.  Бұл – әлеуметтік маңызды мәселе, сондықтан оны қатаң бақылауда ұстау қажет.  Егер өңірлер жергілікті жерде қажетті шараларды қолға алмаса, Серік Жұманғаринға тиісті шешімдер қабылдау үшін маған дереу баяндауды тапсырамын. Бұл жұмыста тұрақтандыру қорларын, форвардтық шарттарды, субсидиялау сияқты  қолда бар тетіктерді  белсенді пайдалану керек, – деді Абайұлы.

Сонымен қатар Бектенов импортқа тәуелді өнімдер өндірісін кеңейту қажетін айтады. 

Инфляция деңгейін бақылау  және оны төмендету жөніндегі  шаралар жоспарын орындау бойынша  барлық қажетті шараларды қабылдаңыздар. Біз   экономика өсімінің  оң қарқынын сақтап қалуға тиіспіз.  Министрлер мен әкімдерге  бөлінген қаражаттың толық әрі уақтылы игерілуін  ерекше бақылауға алуды тапсырамын. Қаржы министрлігі   бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына   бақылауды күшейтуі қажет, – дейді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы