Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

5 Наурыз 2020, 09:18
1601
Бөлісу:
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Серікқали Аманғалиұлы Брекешев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымына тағайындалды. 

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Атырау политехникалық институтын "мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1995-1997 жылдары "Қазақстан-Ресей сауда үйі" БК бас директорының орынбасары, экономист болып жұмыс істеген.

1997 жылы Ақтау қаласы бойынша Салық бөлімінің жедел бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.

1997-1998 жылдары — "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ "Мұнайгермес" материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасы филиалының құбырлар және металл бұйымдары бөлімінің 8-разрядты инженері, көлік, арнайы техника мен қосалқы бөлшектер бөлімінің инженері.

1998-2006 жылдары — "Қарақұдықмұнай" ЖАҚ пайдалану жөніндегі инженері, кен орнында мұнай өндіру шебері, кәсіпшілік менеджері.

2007-2014 жылдары энергетика және минералды ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2015 жылдан бастап "ҚазТрансГаз" АҚ құрылымында жұмыс істеді — Техникалық саясат департаментінің директоры, ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директор, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор, өндірістік-техникалық департаменттің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.тасы.

Өзгелердің жаңалығы