Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша өткен Үкімет отырысында айтты.
Құқықтық базаны жаңарту жұмысы аясында жаңа редакциядағы Су кодексі әзірленеді. Су саласының мамандарын қазіргі заманғы дағдылармен даярлау және ғылыми қамтамасыз ету. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы 7 негізгі бөлімнен тұрады: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экологиялық білім және экологиялық мәдениетті арттыру, - деді ол.
Мырзағалиев бұл ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қала - Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты.
2025 жылға қарай сарқынды суларды ағызу көлемін төмендетуге қол жеткізуді, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін ағымдағы 18%-дан 35%-ға дейін арттыруды, сондай-ақ елдің жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығын азайтуды жоспарлап отырмыз. Екі ұлттық жобаны әзірлеу және бекіту жұмыстары биыл бірінші шілдеге қарай аяқталады, - деді ол.Ол атап өткендей, орман қорында 2 млрд ағаш отырғызу бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімділігі барысына қоғамдық мониторингті жүзеге асыру мақсатында, Экология министрлігінің қолданыстағы геопорталының негізінде интерактивті карта құру ұсынылады.
Қазір осы геопорталда орман өрттері мен заңсыз ағаш кесу мониторингі онлайн режимде жүзеге асырылуда. Геопортал «Ғарыш Сапары» компаниясымен бірлесіп пысықталатын болады. Картада жылдар бойынша өңір-өңірге бөлінген ағаш отырғызу жоспарлары көрсетіледі. Жергілікті атқарушы органдар бекітілген Кешенді жоспарлардың шеңберінде ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі жұмыстарды уақтылы жүзеге асыруы қажет деп санаймыз, - деді Мырзағалиев.Естеріңізге сала кетейік, министр елімізде 8 жаңа су қоймасы салынатынын айтқан болатын.