ЕҚҚДБ жасыл жобалар бойынша 75%-ға дейін қаржыландыру грантын бөледі

9 Тамыз 2021, 15:29
2203
Бөлісу:
ЕҚҚДБ жасыл жобалар бойынша 75%-ға дейін қаржыландыру грантын бөледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасыл технологиялар прогрессивті және жемісті кәсіпкерліктің негізгі құралдарының бірі ретінде өз-өзін сенімді ақтап келеді. Алдағы уақытта да олардың маңызы зор – қоршаған ортаға эмиссия үшін Қазақстандағы табиғаттұтынушылар жыл сайын 90 миллиард теңге төлейді, ал табиғатты қорғау іс-шараларына оған қоса 140 миллиард теңге жұмсалады.

Бұл қаражаттарды кәсіпкерлер бүгін-ақ қазынаға құймай, қолжетімді, әрі тиімді технологияларды енгізуге бағыттауға болады. Тенденциялардың өзі бүгіннен бастап даму векторын ШОБ ресурстарын үнемдеуге бұру қажеттігіне сілтеп отыр, бұл бағытты Еуропа қайта құру және даму банкі белсенді қолдап келеді. Банк кәсіпкерлерге жасыл жобалар бойынша кеңес беру қызметтеріне 75% дейін бірлесіп қаржыландыру гранттарын бөледі.

Жалпы ЕҚҚДБ арқасында 2015-2020 жылдар аралығында Қазақстанда жаңғырмалы энергетика бойынша 15 жоба жүзеге асырылды. Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы және ЖЭК қаржыландыру бағынышты бағдарламасы бойынша бұл кезең ішінде 237 миллион еуро бөлінген. Күн энергетикасына жасалған инвестициялардың арқасында жыл сайын 9,5 миллионға жуық гигаджоуль энергиясы үнемделген – бұл 300 000 үйдің бір жылда тұтынатын энергиясына тең. ЕҚҚДБ қолдап келе жатқан газ модернизациясы жобалары негізінде атмосфераға бөлінетін CO2 лақтырындылары 2,5 миллион тоннаға қысқартылып, 2,7 миллион тонна көмір жағылмай үнемделді – бұл жылына 500 000 автокөлікті жолдардан алып тастаумен тең. Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы 3,4 миллион тұрғын ЕҚҚДБ «Жасыл қалалар» бағдарламасы аясында қалыптасып келе жатқан таза және қалыпты инфрақұрылымнан әлдеқайда көп пайда көретіні күтілуде.

ЕҚҚДБ сонымен қатар GEFF-Қазақстан жасыл экономикасын қаржыландыру бағдарламасы аясында ШОК және үй шаруашылықтарын энерготиімді модернизациялауға 30 миллион доллар бөліп, шағын және орта кәсіпорындардың энерготиімділікке ұмтылысын жан-жақты қолдап келеді. Бағдарламаның алғашқы серіктесі – KMF микроқаржылық ұйымы – шағын бизнеске көмек көрсету үшін 5 миллион долларға дейін несиелік желіге ие болды. Сарапшылық қолдау көрсетуге көп күш және назар аударылады, жергілікті кәсіпорындар энерготиімділік бойынша кеңес беру жобаларына қатысуда. Оның үстіне сатып алуына қаржы алуға болатын жасыл технологиялар ЕҚҚДБ құрған Жасыл Технологиялар Селекторы платформасында сарапталып, ұсынылуда.

Жасыл экономиканы қолдау – операцияларын жүргізетін мемлекеттердегі, оның ішінде Қазақстандағы ЕҚҚДБ даму стратегиясының негізгі басымдылықтарының бірі. Жақында, банк 2060 жылға Қазақстанның энергетикалық және газ инфрақұрылымының көміртектік бейтараптылығына қол жеткізу стратегиясын жасау және жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойды. Бұл ретте жасыл экономиканы біз шағын және орта бизнес секторында да ілгерілетуге тырысамыз, атап айтқанда жасыл консалтингті бірлесіп қаржыландыру арқылы жылжытамыз. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары өз қызметтерінде энергияны тұтынады, бірақ олардың бәрінде энерготиімділік бойынша мамандар тапшы, сол себепті энергияүнемдеу саласындағы шаралар бәсең жүргізілуде. Ал энерготиімділік турасындағы сараптық көмек – нарықтағы қымбат қызметтердің бірі, өйткені жеке шешімдерді қабылдап, жүзеге асыруды және ауқымды жұмыс көлемін атқаруды талап етеді. Сондықтан ЕҚҚДБ жасыл жобаларды қолдау бағдарламасы – бұл ШОБ үшін шығындарын қысқарту және экологиялық болуларына көмектесетін үлкен мүмкіндік, - дейді Қазақстандағы Еуропа қайта құру және даму банкінің шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасының менеджері Алма Қасымова.

Қазақстан 2060-шы жылға көміртектік бейтараптылыққа қол жеткізу бағдарламасын жариялағанына қарамастан қазіргі кезде ШОБ-ке қарасты қойылатын экологиялық талаптардың әсерін бағалау күрделі – өйткені Қазақстан жасыл экономикаға бетбұрыс жолының басында ғана. Десек те, үкімет бұл бетбұрыстың маңыздылығын белгілей отырып, экологиялық бастамаларды барынша, әрі қарқынды қолдап келеді.

Біздің экология министрлігі неміс сарапшыларымен бірлесіп жасап жатқан төмен көміртекті даму концепциясының аясында негізгі ықпал энергетика, тау-металлургия және мұнай өндірісіне бағытталатын болады, яғни еліміздің экономикасына ықпал етеді деген сөз. Булы газдардың негізгі лақтырындылары энергетика саласына қарасты – бұл 40%, сондықтан негізгі назар да оған тиесілі. Шағын және орта бизнестің жоғарыда айтылып кеткен құбылыстарға тәуелді екенін ескере отыра, лақтырындыларды қысқарту принциптері, ЖЭК кез-келген жағдайда да жүзеге асырылады деп санаймын. Әрине, бізде жасыл технологияларды қаражаттандыру әртүрлі бағытта жүргізілуде – бұл халықаралық қаржыландыру, қалдықтарды өңдеуді ынталандыру бойынша АХҚО жаңа жобалары. Жасыл трендтер тек қана Қазақстанда танымал емес – бұл әлемдік қозғалыс, оның ішінде, мысалға, энергияның жаңалану көздеріне көшу де бар. Біз де бұдан алшақтамаймыз, бұл ретте атап өткен көміртектік бейтараптық бағдарламасы біз үшін жәй ғана заманауи бағыт емес. Бұл уақыт талабы, өйткені онсыз 2060 жылда экономика ретінде біз бәсекелес бола алмаймыз. Бұл ретте Қазақстаннан көп күш қажет етіледі, бірақ біз соған ұмтылуымыз керек, - дейді жасыл технологияларды қолдау жайлы өз ойын білдірген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Прімқұлов.

Кәсіпкерлерді қолдау аясында ЕҚҚДБ ReStart 2.0 оқыту жобасын бастады, оның бағыттарының бірі ШОБ-тегі “жасыл” технологиялар тақырыбына арналған. Жоба сарапшылары мен спикерлері экологиялық бастамаларды және алдыңғықатарлы жасыл технологияларды енгізуді қолға алған дәстүрлі бизнес өкілдері және «жасыл» кәсіпорындар иелері. 

Жобаның негізгі мақсаты - дәстүрлі бизнес кәсіпкерлерін «жасыл» тәжірибелер мен технологиялар бойынша ақпараттандыру.

Өзгелердің жаңалығы