"Екінші тыныс" шарасының 125 аппараты түгел таратылды – Дана Нұржігіт

22 Шілде 2020, 17:13
1435
Бөлісу:
"Екінші тыныс" шарасының 125 аппараты түгел таратылды – Дана Нұржігіт
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, тележүргізуші Дана Нұржігіт өңірлерге тыныс алу аппараттарының жеткізіліп жатқанын Іnstagram парақшасында жазған. 

Қызылорда облысы Арал аудандық ауруханасына жеткізілген аппараттар. Қолқабыс қылған теміржолжылар: Қазбеков Мұрат, Шүренов Талғат, Бегежанов Нұржан, Жүнісов Жанатбек, Аймағамбетова Әсемкүлге мың алғыс айтамыз, - деп жазды журналист.


  "Екінші тыныс" шарасының 125 аппараты түгел таратылған.

"Екінші тыныс" шарасының 125 аппараты түгел таратылды. Қызылорда облысы, Алматы облысына "Газельдер"-іміз бүгін жетіп, ауруханалар қабылдап алды, - деп бөліскен Дана.
Бірінші видео Ақтөбе облысы Темір ауданындағы апамыздан. Кеше ғана ауа жетпей, сатурациясы төмендеп кеткен кейуананың бүгін аппарат көмегімен есін жиғанына қуанып жатырмыз. Үлгердік! Тәубә! Мінеки, сәлем жолдап отыр. Құлан-таза жазылып кетіңіз, апа! Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс! Түнделетіп Түркістан облысына да аппараттар жетті. Ертең облыс бойынша таратылады. Қазығұрт ауруханасы да аппараттарды қабылдап алды. Аппараттар алған Текелі ауданының әкімі Бахтияр Алтайұлы да @dauletten_qory-на алғысы білдіріп жатыр. Ертең аппараттар Қызылорда облысына жетеді. Осы уақытта Нұрсұлтан есімді ерікті Шелекке бара жатыр. Сәт сапар! Жол болсын. Шартараптағы көмекке зәру қазағым, шілденің соңғы күндері @dauletten_qory арқылы тағы да 237 аппарат келеді. Түннен түгел шығайық, - деп жазған Дана Нұржігіт.
Өзгелердің жаңалығы