Екібастұздық оқушылар этноқалашықта демалып жатыр

12 Маусым 2024, 14:47
364
Бөлісу:
Екібастұздық оқушылар этноқалашықта демалып жатыр
Фото: Облыстық білім беру басқармасынан

Екібастұз қаласында балалардың жазғы демалысын сапалы қамту мақсатын көздеген «Шаңырақ» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жоба шеңберінде жеткіншектер үшін этноқалашық бой көтерді. Демалыс барысында оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениетімен жақын танысады. Ал жергілікті қолөнер шеберлері ұл-қыздарға ұршық иіру, киіз басу, кесте тігу бағыттары бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. Осылайша, жеткіншектердің шығармашылық дағдылары дамиды.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Лаура Дисюпоканың айтуынша, оқушылар легі ай сайын ауысып отырады.

Этноқалашық аясында қазақтың қолөнері, музыка, би және аспаздық бойынша шеберлік сабақтар мен білім беру сабақтары ұйымдастырылады. Балалар интерактивті аймақтар, көрмелер мен шеберлік сабақтар арқылы қазақ халқының дәстүрлері мен қолөнерімен танысуға бірегей мүмкіндік алады. Сонымен қатар, дәстүрлі қазақ ойындарын ойнап, сайыстарға қатысады. Таза ауада алтыбақан теуіп, ұлттық тағамдардан дәм татады. Осылайша, уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізеді, - бөлім басшысы Лаура Дисюпова.

Айта кетейік, ауқымды жоба 4-6 сынып оқушыларына арналған. Бірегей форматтағы бағдарлама бойынша 600 бала демалыспен қамтылады деп жоспарланған. Жобаны әзірлеу жұмысына мектеп басшылары, қосымша білім беру мекемелерінің өкілдері мен аға тәлімгерлер қамтылған.

Еске сала кетсек, биылғы жазда Павлодар облысының мектеп оқушыларының 98%-ы сауықтыру, демалу шараларымен қамтылады. Қазір мектептердің жанында 300-ден астам лагерь жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы