Екібастұздық балалар Бурабай курортынан үйлеріне оралды

Екібастұздық балалар Бурабай курортынан үйлеріне оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 17 Қаңтар 2023 2023, 10:16
17 Қаңтар 2023 2023, 10:16
1090

Екібастұздық балалар Бурабай курортынан үйлеріне оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Екібастұздан 2,5 мыңнан астам бала жолаушылар пойызымен Бурабай курортына жеткізіліп, онда олар қысқы демалыстарын өткізіп, енді үйлеріне оралды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ балалардың ұйымдасқан топтарын тасымалдауға ерекше назар аударды. Кәмелетке толмағандарды қауіпсіз және жайлы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін 30 астам қосымша тіркеме вагондар ұйымдастырылды, - делінген «ҚТЖ» баспасөз қызметінің хабарламасында.

Балалардың саяхатын қызықты ету үшін Бурабай курорты станциясына келгеннен кейін балаларға арналған курорттық аймақтың көрікті жерлеріне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.   

Наверх