Екібастұздағы ЖЭО-ны 1 теңгеге сатпақ болған Клебанов 10 млрд теңге төлейтін болды

12 Шілде 2023, 15:15
3545
Бөлісу:
Екібастұздағы ЖЭО-ны 1 теңгеге сатпақ болған Клебанов 10 млрд теңге төлейтін болды
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов былтыр 30 градуст аязда 100 мыңнан астам адамды жылусыз қалдырған Екібастұз ЖЭО-ның қожайыны Александр Клебанов орынында қалатынын айтты. Ол Клебановқа да тиесілі «ОАЭК» АҚ компаниясының өкілі мен станцияның үлескерлері станцияны жөндеу үшін алдымен 10 миллиард теңге төлеуі керек.

Бізде ЖЭО-ны 1 теңгеге беру туралы әңгіме жоқ, ол күн тәртібінде де жоқ. Клебанов жылу электр орталығын қалпына келтіріп, пайдалануға беру үшін шамамен 10 миллиард теңге инвестициялау керек. Олар бүгінге дейін 4,5 млрд теңгеге жуық инвестиция құйған. Олар жылу беру кезеңі басталғанға дейін 5,5 млрд теңге салуы керек, - деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жылу электр станцияаларын мемлекет меншігіне беру қажеттігін айтқан болатын. Екібастұз жылу электр орталығының иесі Клебанов мырза да станцияны 1 теңгеге сатуға дайын екенін мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы