Екібастұздағы апат: Павлодар облысының экс-әкімі жауапқа тартылуы мүмкін бе?

20 Желтоқсан 2022, 12:20
1104
Бөлісу:
Екібастұздағы апат: Павлодар облысының экс-әкімі жауапқа тартылуы мүмкін бе?

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы апатқа қатысты экс-әкімнің жауапқа тартылуы мүмкін екенні айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысынан соң арнайы брифингте журналистер вице-премьерге «Екібастұздағы апатқа жол берген Павлодар облысының экс-әкімі Әбілқайыр Сқақов жауапқа тартыла ма? Ол қайда жүр? Жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін бе?» деп сұрады.

Роман Склярдың айтуынша, қазіргі таңда тексеріс жүріп жатыр.

Екібастұздағы апат кезінде 149 тұрғын үйге жылу берілді. Содан кейін бірінші күні 79 үйге жылу беріле бастады. Проблемалы 70 тұрғын үйде 8 күн жылу болған жоқ. Бұл апаттың себебі мен төтенше жағдайдың салдарын жою алгоритмін құқық қорғау органдары тексеріп, олар тиісті бағасын береді. Бұл апатқа қатысы бар барлық адам мен мәселені шешуді кешіктіргендер жауапқа тартылады, - деп жауап берді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы