Екібастұзда жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

6 Қаңтар 2024, 22:18
613
Бөлісу:
Екібастұзда жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: Екібастұзжылуэнерго

Екібастұзда аязды күндерге дайындық басталып, желілерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, 2024 жылдың бірінші аптасында ұзындығы 413 метр жылу желілерінің құбырларында жылу оқшаулағышы қалпына келтірілген.

Кәсіпорын қызметкерлері құбырдың жаңадан орнатылған учаскелері мен қандай да бір себептермен оқшаулау бұзылған учаскелерді оқшаулайды. Бұл жылу шығынын азайтуға және қала тұрғындарын жылумен жабдықтау сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетерлігі, 2023 жылы жылумен жабдықтау желілерінде ұзындығы 50 271 метр болатын жылу оқшаулағышы қалпына келтірілді.

Өзгелердің жаңалығы