Екібастұзда ЖЭО сумен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді

4 Қаңтар 2023, 10:19
588
Бөлісу:
Екібастұзда ЖЭО сумен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді
VIDEO

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз ЖЭО техникалық су құбырының зақымдалған учаскесіндегі жұмыс аяқталғанын және ЖЭО сумен жабдықтау қалпына келтірілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Армысыздар, жерлестер! Мен Екібастұздамын. Өздеріңізге белгілі, бүгін таңертең жергілікті ЖЭО-ға техникалық су құбырының зақымдалған учаскесінде жұмыс қайта басталды. 31 желтоқсанға қараған түні құбырға уақытша қысқыштар орнатылды. Станция сусыз қалған жоқ. Алайда, ол қашанға дейін шыдар еді? Сол күні мен қалпына келтірілген учаскені ауыстыруға дайындықты бастауды бұйырдым, - деп жазды әкім.

Қалпына келтіру жұмысы кешкі 21:20-да аяқталды. ЖЭО-да сумен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.

Өзгелердің жаңалығы