Қайғылы оқиға Екібастұз қаласында болған. 59 жастағы ер азамат трактормен жұмыс істеп жүріп, аударылып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz мәліметінше, 26 ақпан күні Екібастұз қаласындағы ЖШС-ның 59 жастағы қызметкері К-700 тракторды басқара отырып, разрез аумағының ішіне түсіп бара жатып, аударылып түскен.
Дене жарақаттарының салдарынан қызметкер оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр. Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген хабарламада.