Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Екібастұзда қарақшылық жасаған күдіктілерді ұстау сәтінің видеосы тарады

11 Сәуір 2025, 13:00
566
Бөлісу:
 polisia.kz
VIDEO
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында күзет ұйымының директорына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктелер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Екібастұз қаласында өңірдің ірі күзет ұйымдарының бірінің директорына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді анықтап, ұстады. 

Күдіктілер пәтерге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 11 млн теңгеден астам мүлікті иемденгені анықталды. Тінту жүргізу барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі уақытта одан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер УҚИ-ге қамалды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда, - деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Өзгелердің жаңалығы