Екібастұзда өндірістік базадан 13 шетелдік ұсталды

15 Наурыз 2022, 22:53
1445
Бөлісу:
Екібастұзда өндірістік базадан 13 шетелдік ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олар жұмысқа берілетін рұқсат алмай, құрылысшы ретінде қызмет еткен, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

 

Облыстық  полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 шетел азаматы  Қонаев көшесіндегі өндірістік базадан анықталған. Әрбір шетелдікке қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жіберілді.  
 

Бұдан басқа, құқық бұзған шетел азаматтарды баспанамен қамтамасыз еткені және ішкі істер органдарына шетел азаматтардың келуі жайлы уақытында  хабарламағаны үшін қабылдаушы тұлғалар ҚР ӘҚБТК-нің 518-бабы бойынша жауапқа тартылды, - дейді департаментте.

 Сондай-ақ 71 жастағы әйел Қазақстан Республикасы азаматы бола тұра, 2001 жылдың наурыз айында Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағаны анықталды. Алайда бұл туралы тиісті органдарды хабардар етпегені үшін оған қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы