Екібастұзда күніне 3 қазандық істен шығады - Скляр қаладағы жылу желісі туралы

17 Ақпан 2023, 14:43
1165
Бөлісу:
Екібастұзда күніне 3 қазандық істен шығады - Скляр қаладағы жылу желісі туралы
Фото: inform.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Екібастұздағы ЖЭО апатты жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. 

Өткен аптада менің басшылық етуіммен үкіметтік комиссия Екібастұзға барды. Жағдай айтарлықтай күрделі. Өкінішке қарай, былтыр орын алған желілердегі апат станцияның жұмысындағы тепе-теңдікті бұзды. Егер бұрын жұмыстағы мұндай тұрып қалулар аптасына 1-2 рет болса, қазір күн сайын 1, 2, 3 қазандық істен шығады және оларды күн сайын жаңартады. Егер былтыр бұл жұмыспен жөндеу құрылымының 15 қызметкері айналысса, қазір 130 адам жұмылдырылды. Соның ішінде басқа ұйымдардан тартылғандары да бар, - деді Роман Скляр. 

Сонымен қатар ол екі ауысыммен 65 адамнан жұмыс істеп жатқанын алға тартты. 

Температуралық параметрден белгіленген мөлшерден 10-нан 20-ға дейін төмен болып тұр. Бірақ гидравликалық режимді тұрақтандыру мен қалпына келтіру, ішкі желілерді шаю бойынша жергілікті жылу тораптарының КСК айнаылсуы тиіс жұмыстары түкке тұрмайды. Азайтылған жылу параметрлерінің өзімен ғимараттардағы жылу режимін қалыпқа келтіру мүмкін емес, - деді вице-премьер. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Роман Скляр Екібастұздағы су басқан үйден табылған ерлі-зайыптының өліміне қатысты айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы