Екібастұзда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын айыппұл арқалады

«Energy Solutions Center» ЖШС қызметін тексеру кезінде атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың белгіленген нормадан асқаны анықталған.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 08:32
Бүгiн 2026, 08:32
98
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Екібастұзда жүргізілген жоспарлы тексеру барысында кәсіпорынның экологиялық заңнаманы бұзғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша экология департаменті мамандары «Energy Solutions Center» ЖШС қызметін тексеру кезінде атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың белгіленген нормадан асқанын анықтаған.

Сонымен қатар, кәсіпорында:

  • шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі жұмыс істемеген;
  • газ тазарту жабдығына күрделі жөндеу жүргізілгенін растайтын құжаттар болмаған.

Аталған заңбұзушылықтарға байланысты кәсіпорынға оларды 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін жою туралы нұсқама беріліп, 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ведомство өңірде экологиялық талаптардың сақталуын бақылау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Наверх