Екібастұзда автобус жүргізушісі 8 жасар қызды қағып кетті

26 Қараша 2021, 11:31
696
Бөлісу:
Екібастұзда автобус жүргізушісі 8 жасар қызды қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұзда маршруттық автобус жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті.

Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді.

2021 жылғы 25 қарашада сағат 14:42-де Екібастұз қаласында №6 маршрут бойынша жүретін Volvo маркалы автобустың 40 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 2013 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қыз жаяу жүргіншілер өткелі бойынша өтіп бара жатқан, -  деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полиция көліктің арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Тексеру жүргізіледі

Өзгелердің жаңалығы