Екібастұзда 150-ден астам жүргізуші тұрақ ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Кеше, 14:32
171
Бөлісу:
Екібастұзда 150-ден астам жүргізуші тұрақ ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Екібастұз өңірінде полиция қызметкерлері 150-ден астам жүргізушіні тұрақ ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Көбіне мектептер мен балабақшалар маңында тұрақ ережелерін бұзғандарға шағымдар түседі. Әсіресе балаларды мектепке апарып-әкелу кезіндегі қарбалас уақытта бұл мәселе өзекті болуда. 

Мұндай заңбұзушылықтар жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырып қана қоймай, ата-аналардың балаларға үлгі көрсетуі тұрғысынан да теріс әсерін тигізеді. Заңға сәйкес, жүргізуші мектеп маңында көлігін жол жиегінде тоқтата алады, бірақ бұл тек жолаушыны отырғызу немесе түсіру үшін ғана жүзеге асырылуы тиіс. 

Бұл әрекет тұрақ емес, аялдама деп саналады. Ал егер жүргізуші көліктен түсіп, баланы мектепке апарса  бұл тұрақ деп есептеледі. 

Аялдаманы тұрақтан ажырата білу маңызды. Мысалы бала көліктен түсіп, жүргізуші оны орнына отырғызбай, жылдам кетіп қалса – бұл аялдама. Ал көлік иесі ұзақ уақытқа көлігін қалдырып, өз шаруасымен жүрсе – бұл тұраққа жатады, – дейді полиция қызметкерлері. 

Тағы бір өзекті мәселе – мүгедектерге арналған тұрақ орындарының заңсыз иеленілуі. Тұрақ ережелерін бұзу фактілерінің айтарлықтай бөлігі бейне немесе фото арқылы азаматтардың қырағылығының арқасында анықталды. 
 

Өзгелердің жаңалығы