Екібастұзда қалалық жылу-электр орталығы (ЖЭО) учаскесінің басшысы Сергей Видлогтың мәйіті табылды, деп хабарлады BAQ.KZ.
4 желтоқсанда сағат 21:25-те «ВАЗ – 21099» автомашинасының салонынан 1989 жылы 20 тамызда өмірге келген «ЖЭО» ЖШС учаскесінің бастығы С.В. Видлогтың мәйіті табылды, – делінген интернетте тараған хабарламаның көшірмесінде.
Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны көрсетілген.
Бұл дерек Екібастұз қаласының ІІБ (Полиция басқармасы – ред.) тіркелген. Тергеу жүріп жатыр, – деп жазылған хабарламада.