Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Энергетика министрі журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тілші министрден «БАҚ-та Клебанов пен Канның Екібастұз әкімдігіне 3,7 млрд теңге тұратын ЖЭО инфрақұрылымын бергені туралы ақпарат шықты. Осыған қатысты пікір білдіре аласыз ба?» деп сұрады.
Екібастұз қаласының жылу кешені туралы сөз болып отыр ғой. Бұл Екібастұз ЖЭО-сы. Тиісті активтің иелері энергетикалық құралдардың бөлігін жергілікті атқарушы органға берді. Қазіргі таңда станция мүлкін жергілікті атқарушы органға толыққанды беру жұмыстары аяқталып қалды. Кейіннен «Самұрық-Энерго» компаниясы басқаруды қолға алады. Шын мәнінде «Самұрық-Энерго» тиісті активті басқаруға кірісіп кетті, - деп жауап берді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте.
Министрдің сөзінше, қазіргі таңда жылумен қамту саласы - электр энергиясын өндіру есебінен субсидияланатын бизнестің түрі.